ШҚО-да отандық өнімді қолдауға бағытталған меморандумға қол қойылды

ШҚО-да отандық өнімді қолдауға бағытталған меморандумға қол қойылды

ШҚО Кәсіпкерлер палатасында сауда саласындағы заңнама талаптарының сақталуы мәселелері бойынша өткен кеңес қорытындысы бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды. Жиынға облыстық облыстық сауда департаментінің, сауда желілері мен ірі дүкендердің өкілдері, жергілікті өндірушілер мен дистрибьюторлар қатысты.

Меморандум «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы, өңірдегі тауар өндірушілері және ШҚО Сауда департаменті арасында жасалды.

- Құжат отандық өнімнің сауда нысандарында қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сауда саласына қатысты қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға бағытталған, — деп түсіндірді ШҚО Кәсіпкерлер палатасында.