ШҚО-да «Көктем-2026» оқу-жаттығуы аясында хабарландыру жүйелері тексеріледі

ШҚО-да «Көктем-2026» оқу-жаттығуы аясында хабарландыру жүйелері тексеріледі

25 ақпан сағат 11:00-де «Көктем-2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріліп,  сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қосылады. Сондай-ақ теле-радиоарналарды қармап алу жүргізіледі.

- Сабырлық сақтауды сұраймыз. «Баршаның назарына!» – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаны жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту дабылы. Егер Сіз сиренаның дыбысын естіген болсаңыз, дереу теледидарды немесе радионы қосуыңыз керек. ШҚО ТЖД әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларын, «Дәрмен» қосымшасындағы хабарламаларды және «112» қызметінің SMS хабарламаларын қадағалауыңыз қажет, - деп ескертті ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде.