
Шығыс Қазақстан облысының құрамасы көркем гимнастикадан 2014-2016 жылы туған жасөспірімдер (I разряд) арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында екі алтын медальға қол жеткізді.
Лентамен жаттығу финалында Інжу Нұрбекова үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Сондай-ақ бес лентамен орындалған топтық жаттығуда Влада Полякова, Айниса Еркін, Дария Мұрат, Айару Оразбекова және Амира Бекпаевадан құралған команда облыс қоржынына тағы бір алтын медальды сыйлады.
Спортшылар мен жаттықтырушыларды ел біріншілігіндегі жарқын жеңісі және жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!