
ZOOM платформасында бейнеконференция форматында №7 Үлгілік базалық бағыттың «Есірткіге және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл» (ҮББ-7) іске асыру картасының 2025 жылға арналған қорытынды көрсеткіштерін талқылау бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тиісті бағыттар бойынша рейтинг көрсеткіштері қаралып, нәтижелер мен қосымша пысықтауды қажет ететін мәселелер талданды. Қатысушылар 2026 жылы ҮББ-7 іс-шараларын іске асыру тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірледі.
Талқылау шеңберінде индикаторларды уақтылы орындаудың, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтудің және жаңа басқарушылық тәсілдерді қолданудың маңыздылығы атап өтілді.
Кеңеске ҮББ-7 іс-шараларын іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау жұмысы жөніндегі бөлім басшысы Карпова. Е осы жылы нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуде жүйелі тәсілді қамтамасыз ету және іс-шараларды сапалы іске асыру қажеттігіне ерекше назар аударды.