
Өскеменнің «Торпедо» хоккей командасы Қазақстанның тұрақты чемпионатында Рудный қаласының «Горняк» клубынан басым түсті.
Кездесу матчтан кейінгі буллиттер сериясының қорытындысы бойынша алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші шайбаны қарсылас команданың қақпасына Илья Кляузов соқты.
Чемпионат қорытындысы бойынша «Торпедо» Pro Hokei Ligasy турнирлік кестесінде екінші орынға тұрақтады. Бірінші орында елордалық «Номад» командасы тұр. Енді «Торпедо» ойыншыларын алтын жүлде үшін тартыс күтуде.
Плей-оффтың ширек финалдық сериясында өскемендік клуб Атырау қаласының «Бейбарыс» командасымен кездеседі.
Серияның алғашқы матчтары 24 және 26 ақпанда Өскеменде өтеді.