ШҚО-да ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

ШҚО-да ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына өтінім қабылдаудың 20-шы мерейтойлық кезеңі басталды.

Бұл - өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етіп, тиімді басқару жүйелерін енгізіп, тұрақты дамуға басымдық беретін кәсіпкерлерге көрсетілетін ұлттық деңгейдегі қолдау.

Байқауға жеке кәсіпкерлер, шағын, орта және ірі бизнес өкілдері қатыса алады. Сыйлық аясында негізгі және арнайы номинациялар қарастырылған, олардың қатарында жаңа «Үздік цифрлық даму жобасы» номинациясы бар. Қатысу және жеңімаз атану іскерлік беделді нығайтуға, сараптамалық бағалау алуға және республика бойынша танылуға мүмкіндік береді.

Өтінім 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданады

Өтінім беру сайты: cabinet.altynsapa.kz/competition