2 наурыздан бастап тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқықбұзушылықтың алдын алумен полиция, ПИК және МИБ айналысатын болады

2 наурыздан бастап тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқықбұзушылықтың алдын алумен полиция, ПИК және МИБ айналысатын болады

ШҚО Полиция департаментінде аулалар мен тұрғын үйлердегі қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Қатысушылар үш негізгі бағытты қарастырды: ПИК пен МИБ-тің учаскелік инспекторлармен өзара іс-қимылы арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аулаішілік аумақтарда жол қозғалысын ұйымдастыру және «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа Заңның нормаларын түсіндіру.

— Бірлестік өкілдеріне Мемлекет басшысы қол қойған құжаттың ережелері толыққанды түсіндірілді. Заң 2026 жылдың 2 наурызында күшіне еніп, алдын алу субъектілерінің аясын кеңейтеді. Енді оған ресми түрде МИБ төрағалары да қосылды. Бұл олардың құқық бұзушылықтың алдын алудағы рөлінің маңызды және жүйелі екенін білдіреді. Полицияның сервистік  моделін дамытуға және тұрғындармен серіктестікті нығайтуға ерекше көңіл бөлінді, - деді ШҚО Полиция департаментінде.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, учаскелік инспекторлар халықпен тұрақты байланыста. Олар өтініштерге жедел жауап беріп, аулалар мен кіреберістерде туындайтын мәселелерді шешуге көмектесуде.

— Бүгінгі күннің басты міндеті - полиция мен үйлерді басқару органдары арасында тұрақты қарым-қатынкс орнату. Үнемі ақпарат алмасу, мәселелерді бірлесіп талдау және ашық диалог арқылы ғана аулалардағы тыныштықты қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға болады», - деді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Рифхат Тауфиков.

Көтерілген мәселелерді қосымша пысықтап, айтылған ұсыныстар бойынша нақты шешімдер қабылдау жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Дереккөз: ШҚО ПД