ШҚО-да алғаш рет «SHYGYS BALAFEST» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтеді

ШҚО-да алғаш рет «SHYGYS BALAFEST» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтеді

ШҚО Білім басқармасы Халықаралық балаларды қорғау күні аясында алғаш рет «ШЫҒЫС BALAFEST» облыстық балалар шығармашылығы фестивалін өткізеді.

Фестиваль III кезеңнен тұрады:  I кезең – мектепішілік: ақпан-наурыз;  II кезең – қалалық және аудандық: сәуір;  III кезең – Гала-концерт: 1 маусым (Өскемен қ.).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арасынан үздік нөмірлерден Гала-концерт көрсетіледі. Гала-концерт және лауреаттарды марапаттау рәсімі 2026 жылғы 1 маусымда Өскемен қаласында өтеді.