
Бірыңғай есептік орталығы (БЕО) – ақпараттық жүйелер негізінде коммуналдық қызметтерді берушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, бірыңғай төлем құжатын (БТҚ) қалыптастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
«Шығыс БЕО» ЖШС көрсететін қызметтер: талаптарды сақтай отырып, бірыңғай төлем құжатын өңдеу және қалыптастыру; БТҚ-ны әрбір тұтынушыға тарату; атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру; келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды жедел пысықтау.
Қолданылатын бағдарлама – PostgreSQL дерекқоры негізіндегі BillSync ақпараттық жүйесі.
Бірыңғай төлем құжатына облыстың келесі кәсіпорындары енгізілген: «Шығыс Жылу» АҚ (бұрынғы «Өскемен жылу желілері» АҚ); «Өскемен Водоканал» МКК.
Аталған коммуналдық кәсіпорындардан бөлек, «Шығыс БЕО» ЖШС бірыңғай түбіртекті кеңейту және оған өзге де коммуналдық қызмет көрсетушілерді (ТҚҚ, КСК/ОСИ/ПТ, электр энергиясы, интернет, салықтар және т.б.) қосу бойынша белсенді жұмыс атқарылуда.
«Шығыс Жылу» АҚ ғимараты аумағында ұйым менеджерлері тұтынушыларды бірыңғай төлем құжатына қатысты мәселелер бойынша қабылдайды.
Тұтынушыларға қолжетімді байланыс мүмкіндігі (оның ішінде ұялы байланыс) қарастырылған.
2024 жылдан бастап тұтынушыларға БТҚ бойынша төлемдерді Kassa24 терминалдары арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі берілді, ал 2025 жылдан бастап «Kaspi Bank» АҚ арқылы төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған.
Орталыққа күніне орта есеппен 15 қоңырау түседі.