
Шығысқазақстандық спортшылар халықаралық аренада тарихи нәтижеге қол жеткізді. ШҚО жоғары спорт шеберлігі мектебі мен Олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері Руслан Курбанов пен Кирилл Проходов жаңартылған әлемдік рейтинг бойынша әлемнің ең үздік 8 семсершісінің қатарына енді.
Екі спортшы да Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшылары. Олар Еуропа мен Азияның жетекші семсерлесушілерімен тең дәрежеде бақ сынап жүр. Бұл жүйелі дайындықтың, бапкерлер еңбегінің және Шығыс Қазақстанда спортты жоспарлы түрде дамытудың нақты нәтижесі.
Спортшыларды және олардың бапкерлерін зор жетістікпен құттықтаймыз!