
Облыс орталығында су тасқыны қаупі бар 11 учаске анықталды.
Көктемгі су тасқыны кезеңінде тұрғын үйлердің су басуын болдырмау мақсатында Согра және Ахмер аудандарындағы Үлбі өзенінде жалпы ұзындығы 950 метр жағалауды және арық жүйесін нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Өскеменде су тасқынына қарсы кезеңге барлығы 143 арнайы техника, 50 мотопомпа, 6000 м3 инертті материал, 8 мың дана ыдыс-қап, 140 тонна жанар-жағармай материалдары дайындалды. Сондай-ақ жағдай қиындап кетсе өрт-сорғы станциялары мен жүзу құралдары да сақадай сай.
Эвакуацияланатын халықты орналастыратын 15 қабылдау пункті әзір.
Дереккөз: ШҚО ТЖД