«Қауіпсіз аула»: ШҚО-да қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған алдын алу шарасы өтті

«Қауіпсіз аула»: ШҚО-да қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған алдын алу шарасы өтті

Шығыс Қазақстан облысы аумағында қоғамдық орындар мен көшелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз аула» жедел-алдын алу шарасы өткізілді.

Оған полиция қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер қатысты. Негізгі назар тұрғын үйлерді аралау мен ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған азаматтармен мақсатты жұмыс жүргізуге аударылды.

Шара барысында профилактикалық есепте тұрған 6 мыңнан астам адам тексерілді. Сот шешімімен 15 адамды ішімдікке тәуелділіктен мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы өтініштер қанағаттандырылып, олардың мінез-құлқына қатысты 52 ерекше талап белгіленді.

Сонымен қатар өңірде салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыс жүйелі түрде жалғасуда. Алкоголь өнімдерін тұтынудан ерікті түрде бас тартқан ауылдардың саны артып келеді. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында 24 елді мекен осындай шешім қабылдады.

«Қауіпсіз аула» жедел-алдын алу шарасы - қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.

Дереккөз: ШҚО ПД