
Бортты ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тәжірибелі ұшқыштары Сергей Пинигин мен Азамат Қабден басқарды. Олар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жүкті әйелді тікұшақпен Өскеменге тасымалдады.
Экипаж бен медицина қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында ұшу сәтті өтіп, 1990 жылғы әйел ауруханаға аман-есен жеткізілді.
ТЖМ ұшқыштарының жұмысы қысқа мерзімде адам өмірін құтқаратын, жедел жәрдем жүйесіндегі маңызды буын болып қала береді.
Дереккөз: ШҚО ТЖД