
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңір әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оған тиісті басқарма, департамент басшылары мен қала, аудан әкімдері қатысты.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар жер, тұрғын үй және медицинаға қатысты мәселелерді көтерді.
Мысалы, Глубокое ауданы Кожохово ауылының тұрғындары «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапасына шағымданды. Аймақ басшысы аудан әкімі Э.Тумашиновқа мердігер компанияға тұрғын үйлерде анықталған ақауларды кепілдік міндеттемелері шеңберінде ретке келтіру міндетін қойды.
Нұрымбет Сақтағанов қабылдауға келген әр азаматтың өтініш-тілектерін мұқият тыңдап, құзырлы мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.