
Аудандағы елді мекендерді су басу қаупін сейілту үшін жолдардағы қарды күреу, арналардың аузын ашу, арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Көктемгі су тасқынына дайындықтың ертеден қолға алынғаны дұрыс. Әсіресе су өткізгіш құбырларды қардан тазарту маңызды. Осы ретте, «ОблШығысЖол» ЖШС жұмысшылары «Күршім-Қалжыр» жолының 28-31 шақырымындағы су өткізгіш құбырларды қардан тазартуда. Осы жұмыстарға екі техника мен 10 адам жұмылдырылған, - деп хабарлады Күршім ауданы әкімдігінен.
Осындай жұмыстар «Күршім-Алғабас» жолындағы құбырларда да жүргізіліп жатыр. Құбырларды қардан тазарту жұмыстарын «Күршім» коммуналдық кәсіпорны атқаруда.