Өскеменде жастар арасында шайбалы хоккейден «Қысқы спорт-фест» турнирі басталды

Өскеменде жастар арасында шайбалы хоккейден «Қысқы спорт-фест» турнирі басталды

29 қаңтарда Б. Александров атындағы Спорт сарайында жастар арасында шайбалы хоккейден «Қысқы спорт-фест» турнирінің салтанатты ашылуы өтті.

Спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттауға және қаланың жас таланттарын қолдауға бағытталған.

Жарысқа екі жас ерекшелігі бойынша (2008–2010 ж.т. және 2012–2014 ж.т.) сегіз команда қатысуда: «Торнадо», «Локомотив», «Титан», «Устинка», «Ульбинка», «Кедр» және «КШТ». Мұз айдынына № 7, 9, 11, 12, 22, 23, 27, 29, 37 және 38 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары шықты.

Салтанатты шараны Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Ерлан Бұланбаев ашып берді. Сондай-ақ турнир демеушісі «AN group» компаниясының өкілдері қатысушыларға сәттілік тіледі. Ашылу салтанатында «Созвездие» синхронды сырғанау тобы өнер көрсетті. Жарыстың ресми басталуын турнирдің бас төрешісі Константин Ларионов жариялады.

Бұл турнир мақсатты жастар мен хоккей жанкүйерлерінің басын қосатын айтулы спорттық мерекеге айналмақ.