
Бүгін Үкімет отырысында өңірлерде туризмді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов өз сөзінде Шығыс Қазақстанда танымал туристік аймақтарда коммуналдық қызметтердің жұмысы жолға қойылғанын мәлім етті.
Айта кетейік, облыста саладағы жүйелі жұмысты қамтамасыз ету мақсатында өңірдің туристификация картасы бекітілген. Соған сәйкес 23 басым туристік аумақ айқындалып, олар бойынша инфрақұрылымдық жобалар тізімі жасалып жатыр. Аталған жобаларды іске асыру биылдан кезең-кезеңімен басталады.
Шығыс Қазақстарға келетін туристер саны жыл сайын өсіп келе жатқандықтан жаңа орналастыру нысандарына деген сұраныс сақталып отыр. Осыған байланысты инвесторларды тартуға ерекше назар аударылған.