Өскеменде жаңа айналма жол іске қосылмақ

Өскеменде жаңа айналма жол іске қосылмақ

Жақын арада Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында айналмалы қозғалыс енгізіледі деп күтілуде. Бұл қажеттілік жол айрығын салу жұмыстарының басталуына байланысты туындап отыр.

Айналма жолдың ішінде 15 тірек орнатылып, арқалықтар монтаждалып, одан әрі асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Қиылыстан тікелей өтуге уақытша тыйым салынады, қозғалыс пен құрылыс жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік ағыны қайта бөлінеді.