
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Ол арнайы салық режимдеріне (АСР) деген көзқарасты түбегейлі өзгертеді.
Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қазыбек Қойшиновтың айтуынша, енді бизнеске салық төлеу әлдеқайда оңай, ал цифрлық сервистер кәсіпкерлерге уақыт пен күшті үнемдеуге көмектеседі.
7 режимнің орнына 3: бұл бизнес үшін нені білдіреді?
2026 жылдың қаңтарынан бастап арнайы салық режимдерінің саны жетіден үшке қысқартылды. Бұл кәсіпкерлерге өзіне қолайлы режимді оңай таңдауға және қағазбастылыққа емес, жұмысқа көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Бұл режим эпизодтық түрде жұмыс істейтіндерге, табысы шағын адамдарға немесе интернет-платформалар арқылы табыс табатындарға қолайлы.
Негізгі артықшылықтары: жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелу талап етілмейді, табыс салығы төленбейді, ҚҚС алынбайды. Тек әлеуметтік төлемдер төленеді — табыстың 4%-ы.
Цифрлық бонус: барлығы мобильді қосымша арқылы жүзеге асады — чектерді қалыптастыру, табысты есепке алу және әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеу.
Өту тәртібі: патент немесе қосымша арқылы жұмыс істеген ЖК 2026 жылғы 1 наурыздан бастап автоматты түрде осы режимге ауыстырылады.
(оңайлатылған декларация негізіндегі АСР)
Жылдық табысы 2,5 млрд теңгеге дейінгі бизнеске арналған.
Артықшылықтары: бірыңғай 4% салық мөлшерлемесі, ҚҚС пен әлеуметтік салық жоқ, есептілік жылына екі рет тапсырылады, қызметкерлер санында шектеу жоқ.
Шектеулер: басқа компаниялардың үлесі бар заңды тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары бұл режимді қолдана алмайды.
Өту тәртібі: осы режимді қолдану үшін 2026 жылғы 1 наурызға дейін хабарлама беру қажет. Сонда режим 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Бірыңғай жер салығы жойылып, оның орнына табыстың 0,5% мөлшеріндегі жеке табыс салығы енгізілді. Кәсіпорындар ҚҚС пен әлеуметтік салықты қоса алғанда, негізгі салықтардың барлығынан босатылады.
Есептілік жеңілдетілген: декларация жылына бір рет тапсырылады, төлемдер егін жинау маусымын ескере отырып, жылына екі рет жүргізіледі.
Өту автоматты түрде жүзеге асады — ешқандай хабарлама беру қажет емес.
Егер сіз бұрын патент немесе тіркелген шегерім режимін қолданған болсаңыз, салық органдары сізді автоматты түрде жаңа режимге ауыстырады. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР үшін 1 наурызға дейін хабарлама берілмесе, салық төлеуші 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей режимге өтеді.
ҚҚС-тан өту тәртібі
2025 жылғы 31 желтоқсандағы тауар қалдықтары 12% мөлшерлеме бойынша салық салынады, ал 2025 жылға арналған тарату (ликвидациялық) есептілік тапсырылады.
Енді бизнес E-Salyq Business мобильді қосымшасы, банктер немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы жұмыс істейді. Қосымша чектерді қалыптастырады, салықтарды есептейді және төлем мерзімдерін ұмытпауға көмектеседі. Интернет-платформалар үшін әлеуметтік төлемдер автоматты түрде ұсталады, ал шалғай жерлерде жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар төлемдерді өздері жүзеге асырады.
Сонымен қатар, 5 қаңтардан маусым айының соңына дейін «Халық бухгалтері» акциясы өтеді: бухгалтерия, салықтар және цифрлық сервистермен жұмыс істеу бойынша тегін кеңестер беріледі. ШҚО тұрғындары үшін — Өскемен қаласында офлайн кеңестер, ал облыстың барлық аудандары үшін бейнеқоңырау арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.
«Салық жүйесі бизнеске кедергі емес, керісінше көмекші құралға айналуда», — деп атап өтті Қазыбек Қойшинов.