ШҚО-да мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа төзбеуді қалыптастыру бойынша семинар өтті

ШҚО-да мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа төзбеуді қалыптастыру бойынша семинар өтті

Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында семинар өтті.

Онда ШҚО бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Кеншімбаев Болат Нұрахметұлы және ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Нұртаева Әлмира Қабидолдақызы баяндама жасады.

Семинарда мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, қызметтік әдеп ережелерін сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері туралы мәселелер талқыланды.

Семинар мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру мақсатында өткізілді.

Дереккөз: ШҚО әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі