Өскеменде көркем гимнастикадан ШҚО чемпионаты өтіп жатыр

Өскеменде көркем гимнастикадан ШҚО чемпионаты өтіп жатыр

Өскеменде көркем гимнастикадан Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтіп жатыр.

Бұл — ел біріншілігіне жолдама беретін маңызды іріктеу кезеңі. Аймақ құрамасына кіру үшін жеке есепте 130 гимнаст және топтық жаттығуларда 14 команда бақ сынауда.

Ең тартысты бәсеке жеке бағдарлама бойынша спорт шеберіне үміткерлер (СШҮ) арасында байқалады, мұнда 70 қатысушы тіркелген. Сондай-ақ, 1-ші ересектер разрядында 44 спортшы өнер көрсетсе, 6 спорт шебері жоғары шеберлік деңгейін паш етуде.

Топтық көпсайысқа 14 ұжым қатысуда: 6 команда 1-ші разряд бағдарламасы бойынша, 6 команда СШҮ және 2 команда спорт шеберлері бағдарламасы бойынша сынға түседі. Көпсайыс қорытындысымен РҚ чемпионатында Шығыс Қазақстанның намысын қорғайтын облыс құрамасы жасақталады.