ШҚО-да аяз: жылу көздері күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр

ШҚО-да аяз: жылу көздері күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері Шығыс Қазақстан облысында аяз күшейеді. Осыған байланысты аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды және кәсіпорындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі барлық жылу электр орталықтары күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Қатты аяз кезінде жылу көздеріне түсетін жүктеме артып, жер үйлерде пеш жағудың жиілей түсетіні белгілі. Осыған орай пеш жабдықтарын қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

Төтенше жағдайлар қызметі өңір тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сонымен қатар ШҚО Экология департаменті аязды күндері жел жоқтығын ескере отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр.