
ШҚО ТЖД мамандары баспасөз брифингін өткізіп, өңірдегі аязға байланысты азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтың айтуынша, мұндай кезде үйлер мен пәтерлерде электр жылытқыштар мен пештерде жүктеме артады. Сондықтан олардың жұмысына назар аудару керек. Пешті үнемі қыздырмаңыз, шамадан тыс қызып кетпес үшін үзіліс жасау қажет. Балаларға пеш жағуды сеніп тапсыруға болмайды.
Жылытқышты желіге қоспас бұрын сым мен штепсельді тексеру керек. Оның үстіне заттарды кептіруге тыйым салынады.
2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстанда 37 өрт болды, оның 9-ы пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, 11-і электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі бұзушылықтарға байланысты, 10-ы отты абайсыз пайдаланудан шыққан.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Ержан Мұса аязда ашық ауада болу уақытын шектеу, мүмкіндігінше алыс сапарға шығуды кейінге қалдыру қажеттігін атап өтті.