ШҚО әкімі Тарбағатай ауданына жұмыс сапары барысында медициналық мекемелерге барды

ШҚО әкімі Тарбағатай ауданына жұмыс сапары барысында медициналық мекемелерге барды

Тарбағатай ауданының елді мекендерінде алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр.

Қабанбай батыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория Қабанбай, Тәуке, Шорға, Шеңгелді  және Қазақстан ауылдарында тұратын 1 790 ауыл тұрғынына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді.

Онда 1 дәрігер мен 9 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Амбулатория ғимараты 1982 жылы салынған, қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар Қарасу ауылында пайдалануға берілмеген екіқабатты ғимарат бар. Құрылыс жұмыстары мұнда 10 жыл бұрын басталған. Бастапқыда нысан 70 орындық балабақша ретінде жоспарланған. Алайда құрылыс сол күйі аяқталмай қалған. Алдын ала есеп бойынша, нысанға шамамен 250 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалған.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов нысанның қазіргі жағдайын жан-жақты зерделеп, құрылысты аяқтау үшін нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Ғимаратты тек медициналық пункт қана емес, басқа да мақсатта пайдалану жағы да қарастырылмақ.