Зайсан ауданында антенна-мачталық құрылымның құрылысы аяқталды

Зайсан ауданында антенна-мачталық құрылымның құрылысы аяқталды

Зайсан ауданына қарасты Шілікті ауылында антенна-мачталық құрылым салу жобасы аяқталды. Соның нәтижесінде ауыл тұрғындары тұрақты мобильді интернетке қол жеткізді.

Байланыс нысаны Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен іске тұрғындарға заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға, онлайн қызметтер алуға және үздіксіз байланыста болуға мүмкіндік береді.

Жоба ауылдардағы телекоммуникацияны дамыту жолындағы маңызды қадам болып, халықтың күнделікті тұрмыс сапасын жақсартуға және ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға бағытталған.