«ШҚО қысқы драйвы»: ски-кросс пен сноуборд жарыстары аясындағы мәдени-сауықтыру бағдарламасы

«ШҚО қысқы драйвы»: ски-кросс пен сноуборд жарыстары аясындағы мәдени-сауықтыру бағдарламасы

Шығыс Қазақстан облысында «ШҚО қысқы драйвы» атты жарқын қысқы іс-шара өтеді. Аталған шара ски-кросс пен сноуборд бойынша өтетін жарыстар аясында ұйымдастырылады.

Іс-шара қонақтары мен қатысушыларын спортты, музыканы және белсенді демалысты біріктіретін мазмұнды мәдени-сауықтыру бағдарламасы күтеді. Бағдарлама аясында шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі, интерактивті алаңдар, балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық сайыстар, сондай-ақ жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары қарастырылған.

Ски-кросс пен сноуборд жарыстарына өңірдің үздік спортшылары қатысып, көрермендерге тартысты бәсекелер сыйлайды. «ШҚО қысқы драйвы» іс-шарасы салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және қысқы белсенді демалысты кеңінен танытуға бағытталған.

Ұйымдастырушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын спортшыларды қолдап, спорт пен көтеріңкі көңіл күйге толы күнді бірге өткізуге шақырады.