
Бүгін Риддерде қаланың алғашқы спорт шеберлерінің бірі Владимир Назаровты еске алуға арналған дәстүрлі Рождестволық шаңғы жарысы өтті.
Оған еліміздің әр өңірінен және Шығыс Қазақстаннан 280-нен астам спортшы қатысты. Балалардан бастап тәжірибелі әуесқойларға дейін барлық жас санатындағылар додада бақ сынасты.
Жас спортшылар 1 шақырым қашықтықты еңсерсе, ерлер мен әйелдер 7,5 шақырымдық қашықтықта кім мықтыны анықтады.
Рождестволық шаңғы жарысы - қаланың спорттағы тарихына көрсетілген құрмет қана емес, Шығыс Қазақстан тұрғындарының бірнеше буынын біріктіріп келе жатқан игі дәстүрдің жалғасы.