Өскемен қаласында «Халық бухгалтері» акциясы өтті

Өскемен қаласында «Халық бухгалтері» акциясы өтті

2026 жылғы 5 қаңтарда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында (МКБ) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бастамасымен ұйымдастырылған «Халық бухгалтері» республикалық акциясы аясында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті.

Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (ШҚО бойынша МКД) мен Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бірлесуімен ұйымдастырылып, жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін консультациялық көмек көрсетуге бағытталды.

Ашық есік күні барысында ШҚО бойынша МКД және Өскемен қ. бойынша МКБ қызметкерлері жаңа Салық кодексінің нормаларын, салықтық есептілікті тапсыру тәртібін, жаңа арнайы салық режимдеріне көшуге қатысты өтпелі ережелерді, қосылған құн салығы бойынша есепке қою және есептен шығару тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеу мәселелерін түсіндірді. Салық төлеушілердің жиі қойылатын сұрақтарына толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.

Кеңес беру барысында такси қызметін жүзеге асыратын тұлғалардан түскен сұрақтарға ерекше назар аударылды. Аталған санаттағы салық төлеушілер үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшу тәртібі, тіркелу ерекшеліктері, салық салу және салықтық міндеттемелерді орындау мәселелері жиі көтерілді.

«Халық бухгалтері» акциясы аясында өткізілген Ашық есік күні мемлекеттік кірістер органдарының жұмысында сервистік тәсілді дамытуға, салықтық сауаттылықты арттыруға және салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.

«Халық бухгалтері» акциясы 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасын табады. Салық төлеушілерге арналған кеңестер бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде жүргізілетін болады.