Шығыс Қазақстандағы Рождество кеші: православ дәстүрлері мен рухани әуендер

Шығыс Қазақстандағы Рождество кеші: православ дәстүрлері мен рухани әуендер

ШҚО-да православ христиандар Иса пайғамбардың дүниеге келуіне арналған рождество мерекесін кеңінен атап өтеді. Жарық мейрам өңір тұрғындарын рухани тұтастыққа, жүрек жылуы мен ізгі дәстүрлерге үндейді.

Облыстың барлық православ ғибадатханаларында Рождество құлшылықтары өтсе, мәдени және қоғамдық кеңістіктерде ұлттық салт-дәстүр мен мәдени мұраны дәріптейтін шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік жәрмеңкелер мен мазмұнды концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Бұл мейрам конфессияаралық татулық пен өзара сыйластықтың жарқын үлгісіне айналып отыр. Өңірдегі түрлі діни бірлестіктердің өкілдері православ қауымын құттықтап, бірлік пен мейірімнің, ізгі істердің қоғам үшін маңызын ерекше атап өтеді.

Мерекелік думан мәдениет үйлерінің алаңдарында жалғасын тауып, онда қолөнер мен халық шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар дәстүрлі халықтық серуендермен әрленеді.

Рождестводан бастап қасиетті «Крещение Господне» мерекесіне дейін православ христиандар үшін святки кезеңі жалғасады. Бұл — шаттыққа, игі амалдарға және отбасы жылуына толы ерекше күндер.