
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ғимаратында Zoom-конференция форматында ШҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Р.Аспенбетованың төрағалығымен «Нашақорлыққа және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты №7 (ҮББ-7) жобалар тобының іске асырылуына арналған жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері, облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарлары мен аппарат басшылары, ШҚО Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі, сондай-ақ ҮББ-7 жобалар тобының жетекшісі – ШҚО әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бас инспекторы Е.Карпова қатысты.
Кеңес барысында жауапты орындаушылардың осы жылғы жобалық карта бойынша тапсырмаларын іске асыру барысы туралы есептері тыңдалды. Жобалық іс-шараларды аяқтауға, қорытынды есептік құжаттаманы уақтылы жинақтауға және ресімдеуге, жоспарланған көрсеткіштердің орындалуына ерекше назар аударылды. Қатысушылар жекелеген проблемалық мәселелерді талқылап, жобаны іске асырудың соңғы кезеңінде іс-қимылдарды үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтті.
Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша ҮББ-7 жобалар тобының іс-шараларын арттыру барысында өзара іс-қимылды және бақылауды күшейтуге бағытталған алдағы қадамдар айқындалды.