ШҚО әкімі облыс орталығындағы отбасылық үлгідегі Балалар ауылына барды

ШҚО әкімі облыс орталығындағы отбасылық үлгідегі  Балалар ауылына барды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бүгін таңертең Өскемендегі отбасылық үлгідегі Балалар ауылына барды. Ол Ахмир кентінде орналасқан.

Балалар ауылы 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда онда 65 бала тәрбиеленуде. Балалар үшін отбасылық жағдайға барынша жақын орта қалыптастырылған, ал білім беру процесі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Акт залында тәрбиеленушілер мен аймақ басшысының қатысуымен Жаңа жылға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар ән айтып, би билеп, театрландырылған қойылым қойды.

Облыс әкімі балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға тәтті сыйлықтар табыстады.

«Балақайлардың амандығы, қауіпсіздігі және бақытты балалық шағы үшін жағдай жасау - өңірдің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да ерекше назарда болады», – деп атап өтті аймақ басшысы.