Шығыс Қазақстанда үш жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Шығыс Қазақстанда үш жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында Глубокое ауданы Тарханка ауылында өрт сөндіру бекеті құрылды. Аталған бекет Тарханка, Винное және Веселое елді мекендерінде тұратын 3000-нан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Жобаны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қолға алды, ал серіктес ретінде «Милейко»  ЖШС қолдау көрсетті.

Осындай маңызды шара Шемонаиха ауданында да өтті. Мұнда бірден екі өрт сөндіру бекеті Красная Шемонаиха және Сугатовка ауылдарында ашылды. Бағдарламаны іске асыруда «Белокаменское» ЖШС мен «Заря» шаруа қожалығы серіктес болды. Енді ол бекеттер Красная Шемонаиха, Белый Камень, Сугатовка, Горкуново және Кенюхово ауылдарында тұратын 1500-ден астам адам үшін қызмет көрсетеді.

Ашылған барлық бекеттер тәулік бойы қызмет атқаруға арналған қажетті үй-жайлармен жабдықталған. Материалдық-техникалық жарақтандыру құрамына өрт сөндіру және құтқару құрал-жабдықтары, байланыс құралдары және жеке құрамға арналған арнайы киімдер кіреді.

Ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы Рашид Блялов, құтқарушылар, жергілікті тұрғындар және аудан әкімдері қатысты.

Осындай маңызды нысандарды облыстың өзге де елді мекендерінде дамыту жоспарланып отыр.