ШҚО әкімінің балаларға арналған мерекелік шыршасы

ШҚО әкімінің балаларға арналған мерекелік шыршасы

Шығыс  Қазақстан облысында өңір балаларына арналған ШҚО әкімінің дәстүрлі мерекелік Жаңа жылдық шыршасы өтеді. Салтанатты шараға облыстың қалалары мен аудандарынан шамамен 500 бала қатысады.

Мерекеге көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, сондай-ақ оқу, шығармашылық және спорт салаларында жетістіктерге жеткен оқушылар шақырылады.

Кішкентай қонақтар үшін шығармашылық ұжымдардың, ертегі кейіпкерлері мен аниматорлардың қатысуымен жарқын концерттік бағдарлама дайындалған. Балаларды музыкалық және театрландырылған қойылымдар, жаңа жылдық құттықтаулар мен мерекелік көңіл күй күтеді.

Дәстүр бойынша әрбір қатысушыға Шығыс Қазақстан облысының әкімі атынан жаңа жылдық сыйлықтар табысталады. Мерекелік шыршаны өткізу балаларға қуаныш сыйлап, жаңа жылдық игі дәстүрлерді сақтауға бағытталған.