ШҚО-да ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған облыс әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті

ШҚО-да ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған облыс әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті

Шығыс Қазақстанда бүгін ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған облыс әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті.

150 балақай өңірдің түкпір-түкпірінен келді. Өрмекші адам, мушкетер мен ханшайым болып киінген балалар көтеріңкі көңіл күймен би билеп, қуыршақтар қойылымын тамашалап, ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановпен бірге шыршаны айнала ән салды.

Аймақ басшысы балаларды құттықтап, өз тілегін жеткізді:

«Қымбатты балалар! Тарихымызды танып, білімге құштар болыңыздар. Сіздерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ пен болашаққа деген сенім тілеймін!».

Айта кетейік, бүгінгі жаңажылдық шыршаға қатысқан барлық 150 балаға 150 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат пен тәттілер табысталды.