«Аяз ата, Ақшақар-2025» халықаралық фестивалінің бағдарламасы

«Аяз ата, Ақшақар-2025» халықаралық фестивалінің бағдарламасы

«Аяз ата, Ақшақар-2025» халықаралық фестивалінің бағдарламасы

Өтетін күні: 19-20 желтоқсан

Өтетін орны:

19 желтоқсан - Риддер қаласы.

20 желтоқсан - «Алтай Альпілері» таушаңғы кешені және Өскемен қаласы (Солжағалау кешені, Орталық алаң).

19-20 желтоқсан күндері Риддер және Өскемен қалаларында дәстүрлі «Аяз ата, Ақшақар-2025» халықаралық фестивалі өтеді.

Фестивальдің мақсаты - өңірдің қысқы туризмін дамыту, мәдени бастамаларды қолдау және жаңа жыл қарсаңында тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Фестиваль бағдарламасы:

19 желтоқсан, Риддер қаласы

15:00 - Аяз Ата, Ақшақарлар мен қала тұрғындарының жаппай шаңғымен сырғанауы;

16:00 - «Қазақстан қысының сиқыры» атты мерекелік концерттік бағдарлама. Сонымен қатар фестивальге қатысушы Аяз Аталар мен Ақшақарлар жұптары арасында байқау ұйымдастырылады.

20 желтоқсан, Өскемен қаласы

11:00 - «Алтай Альпілері» тау-шаңғы кешенінде – тау баурайынан жаппай сырғанау, ойын-сауық пен мерекелік концерт;

16:00 - Өскемен қаласының Солжағалау кешенінде – Аяз Ата резиденциясының маусымдық ашылуы.

Мерекелік бағдарлама Аяз ата мен Ақшақарлар шеруімен, концерт және орталық алаңдағы басты шыршаны жағу рәсімімен жалғасады.

Фестиваль шығысқазақстандықтардың басын біріктіріп, қысқы ғажайып атмосферасын сыйлайды және ересектер мен балаларға қуанышқа толы сәттер ұсынады.