ШҚО ТЖД:  Өртсіз жаңа жылдық мерекелер

ШҚО ТЖД:  Өртсіз жаңа жылдық мерекелер

БАҚ өкілдерімен өткен брифингте ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары жаңа жылдық мерекелер қарсаңында облыс тұрғындары пиротехникалық бұйымдарды белсенді түрде сатып алып жатқанын атап өтті.

Алайда, мерекелік көңіл-күйде көптеген адамдар сақтық шараларын ұмытып жатады. Отшашу пен петардаларды дұрыс пайдаланбау үлкен өрттерге және ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.

2024 жылы Өскемен қаласында сапасыз отшашу мен қауіпсіздік ережелерін бұзу көпқабатты тұрғын үйдің балконында өрт шығуына, сондай-ақ Ұлан ауданында бір жасөспірімнің жарақат алуына себеп болды.

Қауіпсіздік мақсатында ШҚО ТЖД қызметкерлері полициямен бірлесіп облыстағы базарларда пиротехниканың заңсыз сатылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізуде.

Жаңа жылдық іс-шараларға қатысатын 340 нысан есепке алынды.

Мектептерде шыршаларды орнату желтоқсанның 20-шы күндеріне жоспарланған, негізгі тексерулер айдың үшінші онкүндігінде өтеді.

15 жедел топ құрылды. Қазірдің өзінде 23 рейд жүргізілді. Халық арасында 140 нұсқаулық өткізілді, шамамен 850 адам қамтылды.

«Пиротехникалық заттар мен тұрмыстық мақсаттағы бұйымдардың бөлшек саудасы дүкендерде, дүкендердің бөлімдері мен секцияларында, павильондар мен киоскілерде жүзеге асырылады. Олар өрт қауіпсіздігі талаптарына және пайдалану құжаттамасына сәйкес өнімнің сақталуын қамтуы тиіс, сонымен қатар пиротехникалық заттардың қаптамасына тікелей күн сәулесі мен жауын-шашынның түсуіне жол бермеуі керек. Пиротехникалық бұйымдарды сататын сауда орындары бастапқы өрт сөндіру құралдарымен және өрт дабылдамасымен жабдықталуы қажет», – деп атап өтті ТЖ қызметінің мамандары.

ШҚО ТЖД өкілдері отшашу пен жарылғыш заттарды (хлопушка) тек мамандандырылған дүкендерден сатып алуды, ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден жақын жерде салют атпау керектігін және желді ауа райында пиротехниканы қолдануға болмайтынын ескертті.

Бүгінгі таңда ШҚО ПД мәліметінше, облыста 4 ұйым пиротехника сатуға рұқсат алды. Сауда нүктелері: Өскемен қаласында – 8, Риддер қаласында – 1 және Алтай ауданында – 1.

Өскемен қаласында: ТОО «Улан», Виноградов көшесі, 17а, «Дос-Нар» СО, «Сити Центр» СО, Бажов көшесі, 331/1, «Самал» СО, Қазыбек Би көшесі ,20, «Океан» СО, ТОО «СТиК», Қ. Сәтпаев даңғылы, 76/2, «METRO» СО, Жібек Жолы көшесі , 1, «Магнум» СО, Бажов көшесі, 110, «АДК» СО, ТОО «PANNDA», Қ. Сәтпаев даңғылы, 84, «Фреш Маркет» СО.

Алтай ауданында: ТОО «Алтай Салют», Первомайская көшесі, 23/2.

Риддер қаласында: ТОО «Улан», «Валентина» дүкені, Тәуелсіздік көшесі , 39

Пиротехникалық бұйымдарды елдімекендерде қолдану ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабымен, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау және сауда жүргізу тәртібін бұзу 483-баппен, тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз сату 196-баппен әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

ШҚО ТЖД отшашу сатып алғанда оның жарамдылық мерзіміне назар аударуды ескертеді: егер өнімнің мерзімі өтіп кетсе, оны ешқашан қолдануға болмайды. Пиротехниканы қолдану кезінде темекі шегуге және оны балаларға жіберуге қатаң тыйым салынады. Ракетницадан жақын маңда тұрған автокөліктерге қарай атуға болмайды. 50 метр радиуста өрт қаупі бар нысандар болмауы тиіс. Көрермендер фейерверк іске қосылатын жерден 15–20 метр қашықтықта тұруы керек.

Жаңа жылдық шыршаны орнатқанда оны шығатын есікке жақын орналастыруға болмайды, себебі өрт болған жағдайда эвакуация жолы жабылады. Тұғыры берік болуы тиіс. Шырша жылу көздерінің жанында тұрмауы керек. Шыршаны тек зауытта жасалған, жарамды электр гирляндалармен безендіріңіз, оқшаулауы зақымданбағанын тексеріңіз. Балаларға гирлянданы өз бетімен қосудан тыйым салынады. Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз.