ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі жаңа шағын ауданда салынып жатқан үйлердің құрылысын сынға алды. Аймақ басшысы әлеуметтік желілердегі парақшаларында мердігер компания баспаналарды тиісті мерзімінде қолданысқа беріп үлгермейді деп жазды.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі жаңа шағын ауданда салынып жатқан үйлердің құрылысын сынға алды. Аймақ басшысы әлеуметтік желілердегі парақшаларында мердігер компания баспаналарды  тиісті мерзімінде қолданысқа беріп үлгермейді деп жазды.

"Кезекті рет 19 шағын аудандағы жаңа аллеяда атқарылған жұмыстардың барысымен таныстым. Жобаны жалғастыру үшін Қазыбек би даңғылы жағынан ұзындығы 80 метрді құрайтын сквердің сметасын жасау тапсырылды, онда ескерткіш пен әдемі субұрқақ орналасатын болады.

Қараша айында Самар және Алматы бағыттарындағы трассаларды байланыстыратын автожолдарды реконструкциялау жұмысы аяқталады деп күтілуде. Аталған магистраль қаланың орталық бөлігіндегі көлік жүктемсін азайтып, Понтон көпірі арқылы Өскеменнің Үлбі бөлігі мен 19 шағын ауданын байланыстырмақ. Сонымен қатар, келесі жылы Есенберлин даңғылы Жібек жолы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысына дейін созылады. Осылайша, облыс орталығының негізгі көлік логистикасы 2021 жылы аяқталып, толық абаттандырылады.

Қаланы аралау барысында "Нұрлы жол" жаңа шағын ауданындағы жаңа 16 және 12 қабатты тұрғын үйлердің құрылыс қарқынымен таныстым. Өкінішке орай, мердігер мекеме жоспарланған 70 мың шаршы метрді мерзімінде пайдалануға бермейді деп ойлаймын. Оны осы уақыт ішінде атқарылған істің көлемінен бағалап көруге болады. Қала әкімі Жақсылық Омарға тиісті шаралар қабылдау тапсырылды".

Облыс әкімі сондай-ақ, қала тұрғындары бұл үйлерді күтіп отырғандарын, баспаналардың несие арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді. Ал қала әкімдігіне ақшаны бюджетке қайтаруы тиіс.