
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, елдің жалпы ішкі өнімі 6,4 пайызға өсті.
Экономикалық өсімнің негізгі драйверлері ретінде өнеркәсіп (өсім 7,3 пайыздан 7,4 пайызға дейін) және ауыл шаруашылығы (6,1 пайыз) аталды.
Нақты сектордың өзге салаларында да тұрақты оң динамика байқалып отыр. Атап айтқанда, көлік саласы 20,3 пайызға, құрылыс 14,7 пайызға, ал сауда 8,8 пайызға өсті.