
2025 жылы антимонопольдық бақылау аясында бір тексеру жүргізілді. Нәтижесінде АҚ «Өскемен әуежайы» авиациялық отынның бөлшек саудадағы монополиялық жоғары бағасын белгілеуге байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, нарықтың 6 субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды: салынған айыппұлдардың сомасы 10,1 млн теңгені құрады, ал 10 млн теңге монополиялық табыс мемлекет кірісіне тәркіленді. Сонымен қатар, көмір бағасының негізсіз өсу қаупін болдырмау мақсатында 2 ескерту берілді.
2025 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша осы нәтижелерді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысы Сауле Бакберген Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте таныстырды.
Мамандардың айтуынша, жұмыс үш негізгі бағытта жүргізілді: бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының жағдайын талдау және бизнестің дамуына кедергілерді жою.
2025 жылы тауар нарықтарының 17 талдауы жүргізілді. Заң бұзушылықтардың алдын алу үшін азық-түлік жеткізушілерімен 18 антимонопольдық комплаенс-шарт жасалды.
Әсіресе, кедергілерді жою және мемлекеттің экономикалық қатысуын азайту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Кедергілерді жою жөніндегі Кеңестің жұмысы нәтижесінде 6 мәселе жергілікті деңгейде шешілді. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін 47 мониторингтеу жүргізіліп, 7 нұсқау берілді, барлығы толық орындалды.
Департамент бәсекелестік ортаны дамыту және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.
.