
Көкшетау қаласында өткен ауыл жасөспірімдерінің IV республикалық қысқы ойындарында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы өнер көрсетті.
Біздің спортшылар айқын басымдықпен жеңіске жетіп, жоғары дайындығы мен шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Төрт жылда бір рет өткізілетін бұл додаға еліміздің 13 өңірінен келген спортшылар қатысқан. Сайыс бағдарламасы үш спорт түрін қамтыды, атап айтқанда шаңғы жарысы, конькимен жүгіру және шайбалы хоккей.
Шығыс Қазақстан спортшылары жеке және командалық сайыстарда жүлделі орындарды иелену арқылы жалпыкомандалық есепте үздік атанды.
Құрама команданың дайындалуына шаңғы жарысы бойынша Валерий Трифонов, конькимен жүгіруде Татьяна Берсенева, шайбалы хоккейде Игорь Гаджиев сынды тәжірибелі бапкерлер жетекшілік етті.
Айта кетейік, жалпыкомандалық есеп қыздар мен ұлдар арасында жеке-жеке жүргізілді. Нәтижесінде қыздар құрамасы бірінші орынды, ал ұлдар құрамасы екінші орынды иеленді.