Арнайы салық режимдері және жеке тұлғалардың банкроттығы: азаматтар үшін маңызды ақпарат

Арнайы салық режимдері және жеке тұлғалардың банкроттығы: азаматтар үшін маңызды ақпарат

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді, ол арнайы салық режимдерін жетіден, үшке дейін азайтады. Атап айтсақ,  өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларацияға негізделген және шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін қарастырылған. Бұрын қолданылған патенттік, тұрақты шегерім және ауылшаруашылық кооперативтері режимдері жойылады.

ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа ережелерді түсіндірді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі табыстарды легализациялауға және әлеуметтік кепілдіктер алуға мүмкіндік береді, ЖШС ретінде тіркелуден, жеке табыс салығы мен ҚҚС төлеуден босатады; әлеуметтік төлем — табыстың 4%-ы, кірістерді есептеу мобильді қосымша арқылы жүргізіледі. Жеңілдетілген декларация негізіндегі режим шағын бизнесті (жылдық табыс 2,5 млрд теңгеге дейін) қамтиды, салық мөлшерлемесі — 4%, декларация жылына екі рет тапсырылады. Шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнайы режим біріккен жер салығын алмастырады, жеке табыс салығы — 0,5%, есеп беру жылына бір рет, төлеу — аграрлық циклді ескере отырып жылына екі рет. 2026 жылғы 1 наурызға дейін хабарламаны жолдамаған жеке кәсіпкерлер автоматты түрде есептен шығарылады немесе жалпы тәртіп бойынша салық төлеушілер ретінде танылатын болады.

Сонымен қатар, 2023 жылғы наурыздан бастап «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заң қолданысқа енгізілген, ол келесі процедураларды қарастырады: сотқа дейінгі банкроттық (1600 МӘО-ға дейін), соттық банкроттық (1600 МӘО-дан жоғары) және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру (банкрот мәртебесінсіз 5 жылға дейін бөліп төлеу). Банкроттықтан кейін 5 жыл кредит алу тыйым салынады, қайта банкроттық тек 7 жылдан кейін мүмкін, қаржылық жағдай 3 жыл бақылауда болады. Алименттер мен өмірге немесе денсаулыққа зиян келтірген шығындар өтелмейді.

2025 жылдың басынан бері сотқа дейінгі банкроттыққа 4 645 өтініш түсті (512 қабылданды), соттық банкроттыққа — 101 (23 қабылданды), төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге — 78 (37 қабылданды).