ШҚО-да мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-тренинг өтті

ШҚО-да мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-тренинг өтті

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен сексуалдық қысымның алдын алу тақырыбында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-тренинг өтті.

Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің ақпараттандырылу деңгейін арттыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік органдарда қауіпсіз әрі қолайлы жұмыс ортасын қамтамасыз ету.

Семинар-тренингке: Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы, Алтай ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Жанна Асқарова, аталған комиссияның мүшесі, ШҚО Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Аяужан Ашимова, Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» орталығының психологы Александра Романовская қатысты.

Спикерлер мемлекеттік органдардағы кемсітушілік пен жыныстық қысымның алдын алу тетіктері, шағымдарды қарау рәсімдері және қызметтік әдеп талаптары жөнінде ақпарат берді. Психолог тарапынан қатысушыларға практикалық кеңестер ұсынылды.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті арттыруға, еңбек ұжымдарында сыйластық атмосферасын нығайтуға және әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелеріне назар аударуға ықпал етті.