ШҚО құтқарушылары заманауи «Voyager 850 Cabin» катерімен жабдықталды

ШҚО құтқарушылары заманауи «Voyager 850 Cabin» катерімен жабдықталды

Шығыс Қазақстанда құтқарушыларды қажетті мамандандырылған техникамен жарақтандыру жалғасуда. ШҚО ТЖД қызметіне жалпы қуаты 500 аттың күшіне тең қозғалтқышы бар заманауи «Voyager 850 Cabin» құтқару катері алынды.

Ол екі қуатты қозғалтқышпен, навигациялық және байланыс құралдарымен жабдықталған. Бұл құтқарушыларға төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және қандай да бір қиындыққа тап болған азаматтарға көмекке келуге мүмкіндік береді.

Техника паркін жаңарту құтқарушылардың мүмкіндіктерін едәуір арттырады.