Worldskills Kazakhstan - 2025: ШҚО колледждерінің командасы республика бойынша үздік ондықта

Worldskills Kazakhstan - 2025: ШҚО колледждерінің командасы республика бойынша үздік ондықта

Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan – 2025 X республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған тартысты сайыстардың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының қоржынында 2 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль және 10 «Үздік маман» медальоны бар.

Бұл жетістіктер қатысушылардың, тәлімгерлердің және сарапшылардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз командамыздың жеңістеріне қуаныштымыз және жаңа белестер мен кәсіби табыстар тілейміз!

1 орын

Мобильді робототехника (командалық) — Иванин Константин мен Дмитриев Артём, Өскемен жоғары политехникалық колледжі.

2 орын

Мехатроника (командалық) — Скрипников Ярослав пен Энгель Александр, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; Өнеркәсіптік автоматика — Луковкенко Кирилл, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; Ақпараттық қауіпсіздік (командалық) — Благодетелев Даниил мен Литвинов Ярослав, Өскемен экономика және техника колледжі; Наубайхана ісі — Рахым Айдар, Өскемен көпсалалы технология колледжі.

3 орын

CAD-инженерлік графика — Сапаров Рамиз, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; Шаштараз ісі — Вилижина Вероника, Өскемен сервис және технология колледжі.

«Үздік маман»  медальондары

Сантехника және жылыту — Александров Александр, Өскемен құрылыс-техникалық колледжі; Дәнекерлеу технологиясы — Конкин Николай, Өскемен құрылыс-техникалық колледжі; Құрғақ құрылыс қоспалары және сылақ жұмыстары — Қабылқайыров Қуат, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжі; 3D компьютерлік ойындарын модельдеу — Секишев Али, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжі; Электромонтаж жұмыстары — Белялев Андрей, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; Мобильді қосымшаларды әзірлеу — Ерболұлы Нұрбол, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; 1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру - Ширяев Александр, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; Аспаздық ісі - Бакшинскас Сергей, Өскемен көпсалалы технология колледжі; Ветеринария - Лазаренко Елизавета, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі; Жеңіл автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету - Дамолданов Эльнар, Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі.