
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1, 5-тармақтарына және 11-бабының 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында келесі жобалар қаралып, талқыланды және ұсыныстар берілді:
- 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы;
- 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет пен облыс аудандарының (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін бекіту туралы;
- Шығыс Қазақстан облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы;
- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысында қоршаған орта сапасының 2025–2029 жылдарға арналған нысаналы индикаторларын бекіту туралы» шешімінің жобасы;
- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасы;
- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысында ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілетін ауыз судың бір текше метрі үшін төлем мөлшерін бекіту туралы» шешімінің жобасы;
- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12/111-VII шешімінің күші жойылды деп тану туралы шешімінің жобасы.