ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Нариман Алмасұлы тағайындалды.

Бұған дейін басқарманы басқарған Данияр Уахитов өз өтініші бойынша қызметінен босатылды.

Бұл шешім облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында қабылданды.

Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін облыс әкімінің протоколдық тапсырмасымен құқық қорғау органдарының қатысуымен тексеріс жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша басқарманың бұрынғы басшысы Данияр Уахитовтың заңға қайшы әрекеттері анықталды.

Іс бойынша соңғы құқықтық бағаны уәкілетті органдар береді.

Облыс әкімдігі ашықтықты қамтамасыз ету, тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырып жатыр.