
Бұл тек дүбірлі дода ғана емес, сұлулық пен шеберліктің, жеңіске деген жігердің айқын көрінісіне айналған нағыз мереке болды. Қазақстанның, Ремей, Беларусь, Малайзия әр түкпірінен келген 500-ден астам спортшының қатысуы турнирдің жоғары мәртебесін дәлелдей түсті.
Шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов келіп, жарқын өнер көрсеткен қатысушыларға алғыс білдірді.
«Осындай жарыстар жас спортшыларға шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасуға, кәсіби тұрғыда жаңа белестерге ұмтылуға жол ашады. Баршаңызға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен үлкен жеңістер тілеймін!» – деді аймақ басшысы.
Ешкім де назардан тыс қалған жоқ: жүзден астам спортшы жүлдегер атанды.