
Найробиде (Кения) өтіп жатқан додада Батырхан Төлеуғали 87 келіге дейінгі салмақта қарсыластарын қапы қалдырып, әлем чемпионы атанды.
Шешуші жекпе-жекте ол Иран спортшысы Мохаммад Ализадені сенімді түрде жеңді.
Бұл Қазақстан құрамасының биылғы чемпионаттағы екінші алтын жүлдесі. Жалпы ұлттық құрама қоржынында үш медаль бар: бұған дейін Бейбарыс Қаблан чемпион атанса, Тамерлан Тілеулес қола медаль иеленді.