Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов Пульмонология орталығындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталуға шақ қалғаны туралы әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов Пульмонология орталығындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталуға шақ қалғаны туралы әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлады.

«Қазіргі уақытта жансақтау бөлімі толығымен жасақталып, жұмысқа дайын тұр. 200 арнайы кереует, ӨЖЖ аппараттары, 200 инфузомат, 220 монитор сатып алынды.

⠀КТ аппаратын орнатуға арнайы орын дайындалды. Барлық қауіпсіздік талаптары сақталды. Бастысы, бұл орталықтың өз оттегі станциясы болады.

Бұл жер облыстағы ең жақсы клиникалардың бірі болады деп зор сеніммен айта аламын. Өңірге 5 ПТР зертханасын сатып алдық. Олар бізге күніне 5 мың талдау жасауға мүмкіндік ашады. Коронавирустың алғашқы толқынында, өкінішке орай жекеменшік ПТР зертханалары COVID-19 сынақтарының нәтижелерін 25-30 күнге дейін созып, өте баяу жұмыс істеді. Салдарынан диагностика мен науқастарды емдеуге кететін уақытты жоғалттық.

Енді бұл болмайды! Қазан айының соңына дейін жөндеу аяқталып, орталықты жабдықтау жұмысы басталады. Осы ретте плазма банкіне қан тапсырған шығысқазақстандықтарға алғысымды білдіргім келеді. Бүгін ШҚО-да елдегі барлық плазманың 70% жиналды. Бұл біздің науқастарымыздың сауығуына нақты мүмкіндік болады дегенді білдіреді.⠀

Сондай-ақ, бүгінде Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі орналасатын жаңа ғимараттағы жұмыстар аяқталуда. Ескі ғимарат келушілер үшін тар және ыңғайсыз еді. Жаңа ғимараттың бірінші қабатында халықпен жұмыс істеуге арналған кең залдар болады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, ана мен балалар үшін арнайы бөлмелер қарастырылған. Менің тапсырмам бойынша халықпен жұмыс істеу үшін акт залы берілді. Ол екінші қабатқа орналастырылады. Ең алдымен орталықтың басты міндеті - келушілерге жедел қызмет көрсету».

Сонымен қоса, Стаханов көшесіндегі спорт орталығының жөндеу жұмыстары аяқталып қалғанын жеткізді. Айта кету керек, өңірде тағы 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатыр.