Қазақстанда iPhone пайдаланушыларын интернет-алаяқтардың жаңа әдістері туралы ескертті

Қазақстанда iPhone пайдаланушыларын интернет-алаяқтардың жаңа әдістері туралы ескертті

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.


Шетелдік дереккөздердің (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/lost- iphone-dont-fall-for-phishing-texts-saying-it-was-found/, https://itc.ua/news/moshennyky- obmanyvayut-vladeltsev-ukradennyh-iphone-falshyvymy-soobshhenyyamy-apple-find-my/)
ақпаратына сәйкес, құқықбұзушылар адамдарға Apple атынан жалған SMS немесе iMessage жолдайды. Хатта табылған iPhone-ның моделі, түсі және жадының көлемі көрсетіледі, осылайша хабарламаның түпнұсқалығын көрсету әсерін қолданады.
Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды.
Бұл құқықбұзушыларға iPhone белсендіру блоктауын айналып өтуге, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді.
Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды ұстану ұсынылады:
- күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеу;
- жоғалған құрылғының блоктау экранында байланыс ақпаратын көрсету үшін бөлек электронды пошта мекенжайын пайдалану;
- SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғау;
- құрылғыны тек icloud.com/find. арқылы тексеру.
Барынша мұқият болып, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.